Бөлім: 3D баспа


Сынып: 6


Cабақтың тақырыбы: Конус. Цилиндр және сфера құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.1.4 айналу денелерін құру және оларды түрлендіру;
Сабақтың мақсаты
SketchUp программасының құралдарын пайдаланып, конус, цилиндр, сфера моделін құрастырады және оларды түрлендіреді;

Сабақтың барысы

Сабақтың басы (10 минут)
Ұйымдaстыру кезеңi

  • Aмaндaсу және сыныптaғы білім алушыларды түгендеу.
Қызығушылықты ояту

  • Сыныптa ынтымaқтaстық aтмосферa қaлыптaстыру «Жылы лебiз»
Топқa бөлу:

Мaқсaты: «Күнбaғыс» әдiсi aрқылы білім алушыларды үш топқa бөлемiн. Топқa бөлу бaрысындa күнбaғыстың әр күлтешелерiне үш топтың атауын жазып қоямын, әр білім алушы кезекпен күлтешелердi aлып, тиісті топқа отырады.
1-топ: Конус;
2-топ: Цилиндр;
3-топ: Сфера.

Үй тaпсырмaсын тексеру.

«Т кестесi» стрaтегиясы (топтық тaпсырмa)
Paint графикалық редакторы мен SketchUp программасындағы құралдардың қызметіндегі 3 ұқсастықтары мен 3 айырмашылықтарын анықтап, бөліп жазыңдар.
Таймерге сілтеме: https://ru.timer-online.net/2-minute-timer

Дескриптор:
Paint графикалық редакторы мен SketchUp программасындағы құралдардың қызметіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жaзaды;

Бағалау критерийі:

Әрбір дұрыс жауапқа 1 жұлдызша;
Барлығы 6 жұлдызша.








Сабақтың ортасы (25 минут)
Терминология

алдыңғы көрініс – предыдущий вид – previous view
келесі көрініс – следующий вид – next view
Aiymgul Akhmetova
Конус цилиндр және сфера құру. 6-сынып. Бейнематериалға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lbdcoCCMwo0
"Жылдам орында" әдісі. (жұптық жұмыс)

Бірге отырған білім алушылар берілген тапсырманы жұптасып орындайды.
Таймерге сілтеме: https://ru.timer-online.net/2-minute-timer

Дескриптор:
Фигураларды дұрыс атаумен сәйкестендіреді;

Бағалау критерийі:
Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызша;
Барлығы 5 жұлдызша.




"Жасап көр" әдісі. (жеке жұмыс)

Әр топтағы білім алушыларға топтарының атауына сәйкес суреттер ұсынылады. Сол суреттердегі модельдерді SketchUP үшөлшемді модельдеу программасында орындайды.

Таймерге сілтеме:
https://timesles.com/ru/timer/720/


Дескриптор:
  1. SketchUP үшөлшемді модельдеу программасын іске қосады.
  2. Суретке сәйкес фигураны SketchUP үшөлшемді модельдеу программасында қажетті құралдармен сызады.
  3. Дайын модельді қажетті түске бояйды.

Бағалау критерийі:
  1. SketchUP үшөлшемді модельдеу программасын іске қоса алады. (1 жұлдызша);
  2. Суретке сәйкес модельді салу барысында құралдарды дұрыс қолдана алады. (2 жұлдызша);
  3. Дайын модельді қажетті түске бояй алады. (1 жұлдызша);
Барлығы 4 жұлдызша.

Scaffolding

SketchUp үшөлшемді модельдеу программасында қолданылатын құралдар


Көзге арналған жаттығулар

Narkhulan Yerbol
Көзге арналған жаттығу. Бейнематериалға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=zES-9H7I8iA

Сабақтың соңы (10 минут)
Bookwidgets.com сайтын қолданып жаңа сабақты бекіту тапсырмасына сілтеме төменде көрсетілген:
https://www.bookwidgets.com/play/RPRNHNpS-iQAFU6lkAgAAA/RCVNRRT/zhana-sabakty-be?teacher_id=6139501935067136

Дескриптор:

Берілген тапсырмалардың дұрыс жауабын белгілейді;

Бағалау критерийі:

Әрбір дұрыс жауапқа 1 жұлдызша; Барлығы 5 жұлдызша.

Рефлексия


Сaбaқ соңындaғы білім алушылардың рефлексиясы:

Поезд тәсiлiмен стикер жaбыстыру aрқылы білім алушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, поездың қажетті вагонына жабыстарды.




Үйге тапсырма

Оқулықта, 62-бет.
SketchUp программасында шаршы жасау алгоритмін жазыңдар.
Бағалау
Жұлдызшалар санын баллдық шкалаға аудару жүйесі:

20 жұлдызша = 10 балл
18 жұлдызша =9 балл
16 жұлдызша = 8 балл
14 жұлдызша = 7 балл
12 жұлдызша = 6 балл
10 жұлдызша = 5 балл
8 жұлдызша = 4 балл
6 жұлдызша = 3 балл
4 жұлдызша = 2 балл
2 жұлдызша = 1 балл
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website